Раиси: АҚШ келіссөздер туралы шешім қабылдауы керек
https://itolqyn.com/news/iran-i65034-Раиси_АҚШ_келіссөздер_туралы_шешім_қабылдауы_керек
ИИР Президенті Теһранның келіссөздерде қисын мен ақылға негізделген уәждерін білдіріп, АҚШ-тың келіссөздер туралы шешім қабылдауы керектігін айтты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 25, 2022 15:57 Asia/Almaty

ИИР Президенті Теһранның келіссөздерде қисын мен ақылға негізделген уәждерін білдіріп, АҚШ-тың келіссөздер туралы шешім қабылдауы керектігін айтты.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сейсенбі күні Ибрахим Раиси Теһрандағы Азия және Тынық мұхиты ақпарат агенттіктері қауымдастығының (OANA) халықаралық медиа мүшелерінің аға менеджерлерінің ортасында: «Иран үкіметі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында баяндалған, бірақ американдықтармен бұзылған Ислам Республикасының құқығын қайтаруды көздейді»,- деді. Раиси Еуропаның да өз міндеттемелерін орындамағанын, тек Иранның өз міндеттемелерін орындағанына тоқталып, Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Иранның ядролық іс-әрекетінде ешқандай ауытқулар жоқ екенін ресми түрде 15 рет жариялағанын мәлімдеді. Иран Президенті: «Иран халық құқықтарын қамтамасыз етуге бекініп, санкцияларды алып тастау мен бейтараптандыруды бір уақытта күн тәртібіне қойып отыр»,- деп баса айтты.