Амир Абдоллахиан: Біз Ресейге Украина соғысында қолдану үшін қару берген жоқпыз
(last modified Sat, 12 Nov 2022 13:33:42 GMT )
Қар 12, 2022 19:33 Asia/Almaty
  • Амир Абдоллахиан: Біз Ресейге Украина соғысында қолдану үшін қару берген жоқпыз

Иран Сыртқы істер министрі: «Қауіпсіздік кеңесінің 2231 қарарына сәйкес, бізде қаруды экспорттау мен импорттауға тыйым салынған жоқ, бірақ біз Ресейге Украина соғысында қолдануға ешқандай қару берген жоқпыз»,- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдоллахиан Болгарияның Сыртқы істер министрі Николай Милковпен телефон арқылы сөйлескен кезде: «Қауіпсіздік кеңесінің 2231 қарарына сәйкес, бізде қаруды экспорттау мен импорттауға тыйым салынған жоқ, бірақ біз Ресейге Украина соғысында қолдануға ешқандай қару берген жоқпыз»,- деп  айтты.

Иран Сыртқы істер министрі: «Біздің ұстанымымыз НАТО-ның аймақтағы кеңеюіне және Украинадағы соғысқа қарсы және біз атысты тоқтатуға тырысамыз»,- деді.

Николай Милков Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министріне Украинадағы өзгерістер мен Иранның соғыстың жалғасуына қарсы тұру және Украина дағдарысын шешу үшін саяси шешімдерді іздеудегі ұстанымы туралы түсініктемелері үшін алғыс айтты.