Қар 16, 2022 16:07 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі еуропалық тараптардың Басқарушылар кеңесінің отырысында Иранға қарсы қарарды бекіту талпыныстарына реакция білдіріп: «Еуропа конструктивті емес жолды тоқтатуы керек»,- деді.

 

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан журналистерге берген сұхбатында: «Иран еуропалық тараптарға қажетті жолдауларды берді және кейбір еуропалық сыртқы істер министрлерімен, сонымен қатар Еуропа Одағының сыртқы саясатына жауапты Джозеф Боррелмен сөйлесті. Егер еуропалықтар бұл конструктивті емес жолды тоқтатпаса, Иранның  тиімді жауабына тап болады»,- деп мәлімдеді.

Абдуллахиан: «АҚШ Иранға «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына асығып жатқаны туралы хабарлама жіберді, бірақ Роберт Мали  «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы  басымдық емес екенін айтып, тәртіпсіздіктердегі әрекеттерге назар аударды»,- деп айтты.