Қар 16, 2022 16:45 Asia/Almaty

Иранның Ішкі істер министрі: «Дұшпан халықтың әртүрлі топтары арасында диалогты әлсіретуді көздеп отыр. Бүгінде адам құқығын талап етушілердің өздері адам құқығын бұзушылардың қатарында»,- деді.

 

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Ахмад Вахиди үкімет алқасының отырысында бұл агенттіктің сұрағына: «АҚШ, сионистік режим, Ұлыбритания және Сауд Арабиясы тәртіпсіздіктердің орталық штабын бақылаушы елдердің қатарында. Дұшпан тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, елдегі ғылыми қозғалысты тоқтатып, кәсіпке кедергі жасап, адамдар үшін орынсыз және қауіпті орта тудырғысы келді. Бірақ  Иранның барлау-қауіпсіздік күштерінің қатаң шараларымен кезігіп, мақсатына жете алмады»,- деп жауап берді.