Қар 22, 2022 12:35 Asia/Almaty
  • Раиси Теһран мен Астана арасындағы қарым-қатынастың нығаюына үміт білдірді

Иран Президенті қазақстандық әріптесімен сұхбатында: «Теһран-Астана қарым-қатынастары әрдайым ілгерілеп келеді және екі ел арасындағы қарым-қатынастар одан әрі нығая түседі деп үміттенемін»,- деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ибрахим Раиси дүйсенбі күні кешке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесіп, президенттік сайлауда қайта сайлануымен құттықтап: «Теһран-Астана қарым-қатынастары әрдайым ілгерілеп келеді және екі ел арасындағы өзара іс-қимыл мен қарым-қатынастар билігініздің жаңа мерзімінде одан әрі нығая түседі деп үміттенемін»,- деді. Раиси екі ел президенттерінің көптеген кездесулерінде қол жеткізілген жақсы келісімдерге тоқталып: «Теһран-Астана ынтымақтастық комиссиясының 18-ші отырысы жақын арада өтеді, ол екіжақты келісімдерді жүзеге асыру және екі ел арасындағы, әсіресе, экономикалық саладағы қарым-қатынастардың деңгейін арттыру бағытында пайдалы және тиімді нәтижелерге ие бола алады»,- деп мәлімдеді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та осы телефон арқылы сұхбатта Қазақстанға ізгі тілегі үшін Раисиге алғысын білдіріп: «Иран Қазақстанның жақын көршісі және досы және екі елдің екіжақты және аймақтық ынтымақтастықты кеңейту үшін көптеген мүмкіндіктері мен өрістері бар»,- деді.  Тоқаев тиісті үкімет басшыларына екі ел арасындағы, әсіресе, экономикалық саладағы қарым-қатынасты нығайту және тереңдету үшін мүмкіндігінше ынтымақтасуды тапсырғанын мәлімдеді.