Қар 22, 2022 12:40 Asia/Almaty

Иранның Бас қолбасшысының көмекшісі әрі кеңесшісі елдің ұшқышсыз ұшақ құрылысы мен өндірісі саласында жоғары күш-қуатқа жеткенін, сонымен қатар зымыран жасауды бастағанын қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша,  генерал-майор Сейед Яхья Рахим Сафави  кеше,  дүйсенбі күні Имам Хұсейн (ғ.с.) атындағы университетінде қасиетті қорғаныстағы ғылым мен технологияның рөлі туралы конференцияда Ирандағы соңғы тәртіпсіздіктерге сілтеме жасай отырып: «Бұл бүліктер аяқталады, бірақ қайталануы мүмкін, сондықтан біз немқұрайлы қарамауымыз керек. Біз – кемеңгер, батыл, лайықты басшысы бар қуатты халықпыз»,- деді.