Қар 22, 2022 14:20 Asia/Almaty
  • Гросси Иранда әскери ядролық бағдарлама жоқ екенін мойындады

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі Бас директоры Рафаэль Гросси Иранның ядролық бомбаға ие болу мүмкіндігі туралы сұраққа: «Байытылған уран өндірісінің қазіргі деңгейінде Иран бір құрылғыны салуды көздейтін болса, бірнеше (жарылғыш) құрылғыны жасауға жеткілікті материал бере алды. Бірақ бізде қазір Иранның әскери ядролық бағдарламасы бар екенін көрсететін ешқандай ақпарат жоқ»,- деп жауап берді.

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі Бас директорының Иранда әскери ядролық бағдарлама жоқ екенін мойындауы батыстықтар Агенттік арнасы арқылы Иранға қысым көрсету саясатын ұстанған және Гроссидің әрекеті мен ұстанымы олардың осыған байланысты мотивациясын арттырған жағдайда жасалды. Олардың ішінде Иранға максималды қысым көрсету саясатын жалғастыру туралы АҚШ пен Еуропалық үштік ұсынған қарар және АҚХА Басқарушылар кеңесіне тапсырылған  ИИР қарсы болжамды қауіпсіздік мәселелеріне  бойынша айыптау 17 қараша, бейсенбі күні бекітілді. Қытай мен Ресей қарсы болған бұл қарарда авторлар Иранның үш жарияланбаған жерінде ядролық материал табылғаны туралы жалған мәлімдемелерді қайталап, Иранның АҚХА-мен ынтымақтасуын талап етті. Батыстықтар жылдар бойы Иранға ешқандай дәлел ұсынбағанымен, Иранды әскери ядролық бағдарламасы бар деп айыптап, осы сылтаумен Иранға қарсы ауқымды саяси және санкциялық шаралар қолданды. АҚШ пен оның еуропалық одақтастарын, сондай-ақ сионистік режимді үнемі алаңдататын мәселе  Иранның бейбіт мақсатты ядролық мүмкіндіктерін күнделікті арттыруы болып табылады.

 Иранның ядролық бағдарламасының бейбітшіл екендігі АҚХА-нің көптеген есептерінде талай рет расталды. Бірақ АҚШ пен оның серіктестерінің болжамды алаңдаушылығын тудырған нәрсе - АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейінгі Иранның әрекеттері. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы ядролық келісімі аясында Иран бірнеше жыл бойы ядролық міндеттемелерін толық орындауға және өзінің ядролық қызметін, материалдары мен нысандарын шектеуге міндеттенсе де, 2018 жылдың мамырында Дональд Трамптың президенттігі кезінде АҚШ ядролық келісімнен шықты  және  максималды қысым саясаты аясында Иранға қарсы ең қатаң санкцияларды жүзеге асырды. Басқа жағынан, 4+1 тобындағы еуропалық елдердің өз міндеттемелерін орындауда уәделерін жиі бұзуына байланысты Теһран ядролық міндеттемелерін 5 қадамға қысқартты. Одан кейін Ислам кеңесі қарарының орындалуына сәйкес, ядролық даму бағытында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан тыс жаңа қадамдар жасады.