Қар 23, 2022 14:37 Asia/Almaty
  • Иран Атом Қуаты ұйымының басшысы: 60 пайызға байтылған уран өндірісі басталды

Иран Атом Қуаты ұйымының басшысы 60 пайызға байтылған уран өндірісінің басталғанын мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Атом Қуаты ұйымының басшысы Мұхаммад Ислами сейсенбі күні Теһрандағы 20-шы экологиялық көрмені аралады. Мұхаммад Ислами  Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі Басқарушылар кеңесінің қарарына Атом энергиясы ұйымының жауабы туралы: «Саяси қысым мен резолюция ештеңені өзгертпейді, ал қарар шығару ИИР-ның шынайы реакциясын тудырады. Қазіргі уақытта Бушер электр станциясы іске қосылғаннан бері жеті миллион баррельден астам мұнай үнемделген. Ислам революциясы  жетекшісінің таза энергияны пайдалану мәселесіне қуаттауына сәйкес, елдің атом энергетикасындағы үлесін 20 пайызға жеткізу үшін атом электр станцияларын дамытуды мақсатты ету заңы күн тәртібіне қойылды»,- деді.