Қар 23, 2022 14:42 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы Сақшылар корпусы Ирактың солтүстігінің тұрғындарына лаңкестер орналасқан орталықтардан алыс болуды ескертті

Ислам революциясы Сақшылар корпусы құрлық күштерінің қолбасшысы Ирактың Күрдістан аймағындағы Иранға қарсы сепаратистік лаңкестік топтарға қарсы лаңкестердің қауіп-қатері жойылғанша және олар қарусыздандырылғанға дейін операцияларын жалғастыратынын қуаттап, осы аймақ тұрғындарынан лаңкестердің штаб-пәтері мен орналасқан орталықтарының айналасын босатуды сұрады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейсенбі күні бригада генералы  Мұхаммад Пакпур құрлық күштерінің Хамза Сейед аш-Шухада базасы жауынгерлерін Ирактың Күрдістан аймағындағы Иранға қарсы сепаратистік лаңкестік топтардың әрекетіне қарсы олардың штабтар мен орталықтарын жою операциясының жаңа кезеңінің басталуына сілтеме жасай отырып: «Ислам революциясы Сақшылар корпусы құрлық күштерінің соңғы күндері зымырандық және ұшқышсыз операцияларының жалғасында күштерінің Хамза Сейед аш-Шухада базасы жауынгерлері Ирактың Күрдістан аймағының тереңіндегі «Парди» аймағында қарулы жауыздар мен әлемдік үстемдіктің жалдамалы лаңкестеріне қарсы операцияларының жаңа кезеңі бастап, оларға соққы берді. Кеше елдің солтүстік-батысындағы соңғы толқуларды қолдап, қолдау көрсетуде рөл атқарған Пак сепаратистік тобына (Күрдістан Азаттық партиясы) тиесілі штаб-пәтер мен орындар дәл зымырандармен нысанаға алынып, жойылды»,- деді.