Қар 23, 2022 15:43 Asia/Almaty
  • Иранның кейбір қалаларында жуырда болған тәртіпсіздіктерде 40 шетел азаматы қамауға алынды

Иранның сот билігінің ақпарат өкілі соңғы кездері Иранның кейбір қалаларында болған тәртіпсіздіктерге байланысты 40 шетелдік азаматтың қамауға алынғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Масуд Сетаиши  сейсенбі күні журналистермен өткен баспасөз мәслихатында елдегі соңғы тәртіпсіздіктер кезінде ұсталғандар туралы: «Жақында болған тәртіпсіздіктерге қатысы бар және олардың кейбірі тіпті алаңда және көше   болған шетелдік азаматтар еліміздің ішкі заңдары мен Ислам қылмыстық кодексінің баптары  бойынша сотталады. Иранның кейбір қалаларының көшелерінде орын алған көріністер лаңкестердің біртұтас және жарқын Иранның болашағына нүұсан келтіру мақсаттарын әшкереледі. Олардың пікірінше, олар қоғамдық қауіпсіздікті бұзып, зорлық-зомбылық теориясын ойластырып, террористерді қаруландырады, және азғырды»,- деді.