Жел 07, 2022 20:35 Asia/Almaty
  • Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі Жол және қала құрылысы министрі болуға ұсынылған үміткерге сенім дауысын берді

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің депутаттары Жол және қала құрылысы министрі болуға ұсынылған үміткер Мехрдад Базрпашқа сенім дауысын берді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің сәрсенбі күнгі ашық жиналысында келісетіндер мен қарсылардың пікірлері тыңдалғаннан кейін депутаттар 187 оң, 64 теріс, 7 қалыс және 5 жарамсыз дауыс беріп, Мехрдад Базрпашты Жол және қала құрылысы министрі лауазымына тағайындады.  

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің 263 депутаты сенім дауысын беруге қатысты.

Бұған дейін Рустам Қасеми Иранның Жол және қала құрылысы министрі қызметін атқарған. Ол науқастануына байланысты отставкаға кетті.

Тегтер