Жел 08, 2022 18:08 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі мәдени әлсіздіктерді дәл тану мен шешім табу және дұрыс ұсыныстарды алға жылжыту талпыныстарды қуаттады

Ислам революциясының жетекшісі: «Мәдени революцияның жоғарғы кеңесі мәдениеттің әртүрлі салалардағы әлсіз жақтары мен жалған мәлімдемелерін бақылап, білу арқылы дұрыс және прогрессивті мәлімдемелерді таратуға ғылыми шешімдер ұсынуы керек»,- деп баса айтты.

Iran Press-тің мәліметінше, аятолла Хаменеи сейсенбі күні  Мәдени революция жоғарғы Кеңесі мүшелерінің отырысында елдің мәдени басшылығын, бұл кеңестің қадір-қасиеті мен басты рөлін атап өтіп, елдің мәдени құрылымын революциялық қайта құруға баса назар аударды.     Аятолла Хаменеи «біз жасай аламыз» мәдениетіне тоқталып: «Ислам революциясы өзінің сындарлы және жасампаз қозғалыстарымен менталитетті біртіндеп өзгертті. Нәтижесінде жас ирандық мамандар бөгеттерді, электр станцияларын, тас жолдарды, мұнай-газ өнеркәсібінің жабдықтарын және басқа да көптеген инфрақұрылымдарды салу сияқты ірі жұмыстарды атқарды»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі «Батыстан ғашық болу» мәдениетін, тіпті шетел сөздерін қолдануды қоғамды билеуші ​​тағы бір жалған мәдени мәлімдеме деп тауып: «Ислам революциясы бұл жалған мәлімдемені өзгертіп, оны «Батысқа қарсылық» мәдениетіне айналдырды»,- деп мәлімдеді.