Жел 09, 2022 18:04 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрлігі кейбір еуропалық елдер мен ресми тұлғалардың араласушыл твиттеріне жауап қайтарды

ИИР Сыртқы істер министрлігі кейбір еуропалық елдер мен басшыларының араласушыл твиттеріне жауабында бұл елдерден лаңкестерді қабылдауды, қолдау көрсетуді және ынталандыруды тоқтатуды талап етті

 

Иран Сыртқы істер министрлігінің Twitter-дегі парақшасында: «Иран тәртіпсіздіктермен күресуде барынша ұстамдылық танытты.  Тіпті бейбіт шерушілерді зорлық-зомбылықпен басып-жаншитын көптеген батыстық режимдерден керісінше, Иран тәртіпсіздікке қарсы стандартты әдістерді қолданды. Тіпті екіжүзділікпен Иранға қарсы әрекеттенуге мүмкіндік тапқан батыстық режимдер пікірінше де қарулы шабуыл мен қиратуларға жол беруге болмайды. Батыс өзінің арамдығын көрсетудің орнына, лаңкестерді қабылдауды, қолдау көрсетуді және ынталандыруды тоқтатуы керек»,- деп жазылды.

 

 

Тегтер