Амир Абдуллахиан: Сауд Арабиясымен қарым-қатынасты қайта қалыптандыруға дайынбыз
Иран Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясымен диалогтың бұрынғы бағытта жалғасып жатқанын айтып: "Сауд тарапы Иранға қатысты қандай конструктивті позиция ұстанатыны туралы шешім қабылдауы тиіс",-деді.
Бүгін, дүйсенбі "Теһран диалогы" атты үшінші форум Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан және 36 елдің саяси қайраткерлері, зерттеу институттарының директорлары, ғалымдар мен зерттеушілердің қатысуымен өтті.
Амир Абдуллахиан "Теһран диалогы" атты үшінші форум аясында ертең, сейсенбі күні Иорданияда өтетін Амман отырысы (Бағдад-2) туралы: "Бағдад-2 отырысы аймақтағы түйткілдерден шығуға жағдай жасауда ілгері қадам бола алады. Бұл отырыстың маңызды жолдауы бөгде елдердің араласуынсыз аймақта әріптестік жасауға бет бұру болуы тиіс",-деді.
Иран Сыртқы істер министрі осы отырыс аясында Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрімен кездесіп, кеңесетінін айтып: "Сауд Арабиясымен диалог өзінің бұрынғы бағытында жалғасады. Ресми дипломатия аясында Сауд тарапы дайын болған кезде екі елдің елшіліктерін ашып, өзара қарым-қатынасты қалыптандыруға әзірміз",-деді.