Иран Сыртқы істер министрі 13-ші үкіметтің көршілестік саясатына сәйкес араб әріптестерімен кездесті
Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан Twitter-де Бағдад-2 конференциясы аясында Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фарханмен кездескенін хабарлады.
Амир Абдуллахиан бұл туралы Twitter-де араб тілінде былай деп жазды: «Иракқа қолдау көрсетуді қайта қуаттау үшін мен Иорданияда өткен Бағдад-2 конференциясына қатыстым. Осы кездесу аясында мен кейбір әріптестеріммен, соның ішінде Оман, Катар, Ирак, Кувейт және Сауд Арабиясының сыртқы істер министрлерімен достық кездесулер өткізуге мүмкіндік алдым. Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі өз елінің Иранмен келіссөздерді жалғастыруға дайын екенін баса айтты». Иран Сыртқы істер министрінің саудиялық әріптесімен кездесуі 13-ші үкіметтің көршілестік саясатына және екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қайшылықтарын азайтуға сәйкес өтті. Хұсейн Амир Абдуллахиан бұдан бұрын 13-ші үкіметтің сыртқы саясатын түсіндіріп: «Иранның сыртқы саясаты саяси тәуелсіздік тұрғысынан тұрақты және Батысқа да, Шығысқа да ілеспейді»,- деген.
Иран Президенті Ибрахим Раиси үкіметі барлық елдермен ақылды дипломатия, ашық есік және тиімді ынтымақтастық саясатын қабылдады. ИИР Сыртқы істер министрінің Иранның сыртқы саясатының динамикалық көзқарасы осы саладағы, әсіресе Иранның аймақтық сыртқы саясаты аспектісінде орын алған өзгерістерге қатысты айтылды. Иранның 13-ші үкіметі 2021 жылдың 3 тамызында инаугурациядан кейін сыртқы саясат саласында жаңа көзқарас ұстанды. Шығысқа да, батысқа да емес ұстанымына негізделген сыртқы саясатты теңгеру – бұл үкіметтің сыртқы саясатының маңызды идеяларының бірі. Бұл бірінші кезекте көршілес, сосын шығыс пен батыс елдері арасындағы қарым-қатынасқа назар аударып ел тәуелсіздігін сақтаудың маңызды қажеттіліктерінің бірі болып табылады. Қазіргі үкімет сыртқы саясатта тепе-теңдікке сенетінін және көршілерімен және ислам елдерімен ынтымақтастықты дамыту сыртқы бағдарламаларының басымдылығы екенін көрсетті.
Саяси сарапшы Джавад Мансури былай деді: «13-ші үкімет сыртқы саясатта теңгерімді және шындыққа сай әрекетті ұстанды және бұл кейбір үкіметтердің Иранмен қарым-қатынастарын қайта қарауына себеп болды. Иранның сыртқы саясатындағы көршілік саясаты мен теңгерімді көзқарас Иранның 13-ші үкіметтегі исламдық президенті Ибрахим Раисидің зиялы өзара әрекеттестік саясатының маңызды бөлігі деп санауға болатын сыртқы саяси мәлімдемесінің әлеммен негізгі пункттерінің бірі болып табылады. Көрші елдермен арадағы шиеленісті азайтуға негізделген көршілік саясатына тоқталып, экономикалық дипломатияны күшейту және көршілермен өзара әрекеттесуді арттыру және көршілес елдердің әлеуетін қарым-қатынастарды нығайту үшін пайдалану ИИР-ныңмаңызды жоспарларының бірі болып табылады».