Қаң 11, 2023 12:46 Asia/Almaty

Иранның Захедан прокуроры Чабахарда үш тонна есірткі жөнелтімі табылғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Захедан аймағының қоғамдық және революциялық прокуроры Мәһди Шамсабади: «Үйлестірілген және таңқаларлық операцияның нәтижесінде Чабахарда бірнеше айлық барлау бақылауынан кейін негізгі есірткі саудасымен айналысатын банданың үш тонна есірткісі табылды»,- деді. Шамсабади бұл банданың бес саудагерінің  ұсталғанын да айтты.