Қаң 17, 2023 15:08 Asia/Almaty
  • Францияның Charlie Hebdo басылымының әрекетіне дүниежүзі  мұсылмандары реакция білдірді

Француздық «Шарли Эбдо» журналының тіл тигізу әрекетіне әлем мұсылмандарының реакциясы шиіт діни ғұламаларының, әсіресе Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің әлемде өте танымал екенін көрсетті.

Осыған байланысты Түркия, Ирак, Үндістан, Кашмир, Ливан, Палестина, Нигерия, Сирия және әлемнің көптеген мұсылман елдерінің мұсылмандары Францияға қарсы шерулер өткізіп,   Charlie Hebdo-ның тіл тигізулеріне реакция білдіріп,  осы басылымға қатысы барларды жазалауды және Париж үкіметінің билігінен кешірім сұрауды талап етті. Кейбір мұсылман елдерінде мұсылмандардың халықаралық сионистік қозғалыспен байланысы себебінен шиіт билігі мен Ислам революциясының жетекшісін қолдайтын шерулер өткізуге рұқсат етілмеді.

Франция билігі ойландыратын, оғаш және күмәнді әрекетімен Charlie Hebdo-ны тәуелсіз әрі еркін басылым ретінде таныстыру әрекетіне көңіл бөлмей тастауға болмайды. Іс жүзінде бұл күпірлік басылымда исламға қарсы мазмұнды көрсету және мұсылмандар мен ислам әлемінің жетекшілерін қорлауға шек қойлмаған.  Негізінде басқа илаһи діндерін және олардың жетекшілерін қорлау Париж үкіметінің басшыларының шектеулеріне және тіпті теріс реакцияларына тап болады.

Бұған дейін Исламның ұлық Пайғамбарына (с.ғ.с.)  тіл тигізген француздық Charlie Hebdo басылымы енді шиіттердің діни және саяси қайраткерлеріне тіл тигізу арқылы тағы да исламофобияға бет бұрды. Жақында осы басылымға қатысы бар адамдар діни және саяси билікке қарсы қорлайтын карикатуралар конкурсын ұйымдастырды. Бұл әрекет осы басылымға, сондай-ақ Франция үкіметінің сөз бостандығы деп аталатын саласындағы саясатына қатысты көптеген қоғамдық сынға әкелді. Шарли Эбдоның Ислам революциясының  жетекшісіне тіл тигізуі Франциядағы сөз бостандығына қатысты екі жақты стандартты дәлелдегені күмәнсіз. Басқа жағынан, шиіт діни ғұламалары мен ИИР діни басшылығының әлемде танымалдылығын одан сайын айқындады. Бұл батыстықтардың, әсіресе Парижді билеуші саясаткерлердің әрқашан түсіне алмайтын фактісі.