Қаң 23, 2023 13:52 Asia/Almaty
  • Шәһид Сүлеймани спутниктік жүйесінің жұмыс кезеңі  басталды

Иран ғарыш ұйымының басшысы Шәһид Сүлеймани спутниктік жүйесінің жұмыс кезеңінің басталғанын Иранның спутниктік жүйесінің алғашқы жобасы ретінде жариялады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хасан Саларие Шәһид Сүлеймани спутниктік жүйесі жобасының соңғы іске қосылу жағдайына сілтеме жасай отырып: «10 жылдық ғарыш бағдарламасының тапсырмасына сүйене отырып және халыққа, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға қызмет көрсету, сондай-ақ жеке сектор компанияларына қызмет көрсету үшін Иранның ғарыш ұйымы жер бетінде телекоммуникациялық спутниктік жүйені орналастыруға міндеттелді.  «Шәһид Сүлеймани жобасы» деп аталатын бұл жобаны жүзеге асыру Иранның спутниктік жүйесінің алғашқы жобасы болып саналады. Ал спутниктік серияларды шығарудағы және оның желілік байланысындағы жетістіктерінің арқасында оның ел үшін маңызы зор»,- деді.