Қаң 23, 2023 14:47 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Құран Кәрімді қорлауды айыптады

Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Швецияда Құран Кәрімді қорлауды қатаң айыптады.

Хұсейн Амир Абдоллахиан твиттерде былай деп жазды: «Мен Швецияда қайталанған Құран Кәрімді қорлауды және исламдық қасиетті нәрселерге қарсы өшпенділік таратуды қатты айыптаймын»,- деп жазды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі осы твитінде былай деп жазды: «Сөз бостандығын қолдаймыз деген желеумен әлем мұсылмандарының сезіміне нұқсан келтіру және исламофобия кейбір еуропалық елдерде адам құқықтарын талап ететін әдетке айналмауы керек».