Қаң 23, 2023 14:50 Asia/Almaty
  • Иран мен Еуразиялық одақ арасындағы еркін сауда келісіміне қол қойылады

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Еуразиялық экономикалық одақтың Сауда министрі Андрей Слепнев жақын арада Еуразиялық экономикалық одақ пен ИИР арасында еркін сауда келісіміне қол қойылатынын хабарлады.

Осы келіссөздердің Иранмен ынтымақтастықты дамытудың жоғары динамикасына әсеріне тоқталып, осы экономикалық одақтың Сауда министрі: «Бұл келіссөздердің негізгі күн тәртібі Иран мен Еуразияға мүше елдер, әсіресе Ресей арасындағы саудада кедендік баж салығын жою болды»,- деді.

Еуразиялық экономикалық одақтың Экономикалық комиссиясы: «Өткен аптада Теһранда өткен келіссөздерде екі тараптың болашақ келісімі бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылып, Иранның Өнеркәсіп, тау-кен өнеркәсібі және сауда министрінің орынбасары Алиреза Пейман Пак бастаған делегация Еуразиялық одақ елдерінің Слепнев бастаған делегациясымен келіссөз жүргізді»,- деп хабарлады.

Тегтер