Қаң 24, 2023 19:28 Asia/Almaty
  • Иран радиодәрілер өндіру саласында жаһандық деңгейге жетті

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы елдің радиодәрілер өндіру саласында жаһандық деңгейге жеткенін хабарлады.

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Мұхаммед Ислами "Парс Изотоп" компаниясының диагностикалық және емдік дәрілерді өндіру желісін аралап: "Ауыр санкцияларға қарамастан, еліміздің жас мамандары мен зерттеушілері түрлі радиодәрілер өндіру саласындағы қарым-қабілеттерін жоғарылата алды",-деді.

Ислами: "Иран радиодәрілер өндіру саласында жаһандық деңгейге жетті. Бүгінде бұл жетістік – бір шындық",-деді.

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы елдегі 206 радиологиялық орталықта отандық радиодәрілер қолданылатынын айтып: "Жылына шамамен 1 млн науқас осы дәрілермен емделеді",-деді.

Тегтер