Қаң 25, 2023 13:19 Asia/Almaty
  • Иранның ғылыми дәрежесі әлемдегі 15-ші орынға көтерілді

Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім министрі елдің ғылыми дәрежесінің әлемде 15-ші орынға көтерілгенін хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Бахрам Айнуллахи Иранның ғылыми дәрежесінің әлемдегі 16-шы орыннан 15-ші орынға көтерілгенін және Иранның ғылыми-зерттеу және ғылым өндірісінің орташа өсу қарқынының 7,42 және медицина ғылымындағы бұл орташа көрсеткіштің 8,23 екенін мәлімдеді. Айнуллахи Ислам революциясының денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерінің қатарында елдің әртүрлі аймақтарында өмір сүру ұзақтығын, туу өлімін азайтуды, денсаулық сақтау саласын дамытуды, жұқпалы ауруларды азайтуды және халықтың медициналық қызметтерге қолжетімділігін арттыруды атады.