Ақп 04, 2023 11:27 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Венесуэла Сыртқы істер министрімен кездесті

Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан Венесуэлаға сапары барысында әріптесі Иван Хилмен кездесіп, сөйлесті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі осы отырыста: «Екі елдің жоғары билігінің ерік-жігері екі елдің халықтарына қарсы әділетсіз санкцияларды бейтараптандыру бойынша үйлестірілген күш-жігерге бағытталған және олар арасындағы келісімдерді жүзеге асыру және жеделдету қажет деп санайды»,- деді. Амир Абдуллахиан Украинадағы соғысқа да тоқталып, онымен байланысты оқиғаларды кейбір державалардың адам құқықтарын   пайдалануын   кейбір басқа елдерге қарсы құрал ретінде пайдалануының белгісі деп атады.

Бұл кездесуде Иван Хиль Пинто ИИР мен Венесуэла Боливар Республикасын екіжақты және халықаралық аренадағы екі маңызды серіктес деп санады.