Язд қаласында Иранның 16-шы қолдан тоқылған кілем көрмесі өтуде
https://itolqyn.com/news/iran-i67850-Язд_қаласында_Иранның_16_шы_қолдан_тоқылған_кілем_көрмесі_өтуде
Иранның орталығындағы Язд қаласында 16-шы мамандандырылған ирандық қолдан тоқылған кілемдер көрмесі өтуде.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 22, 2023 13:27 Asia/Almaty

Иранның орталығындағы Язд қаласында 16-шы мамандандырылған ирандық қолдан тоқылған кілемдер көрмесі өтуде.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, осы күндері Иран өнерінің әуесқойлары үшін Язд халықаралық көрмесінде әлемнің түкпір-түкпірінде танымал және ерекше ирандық қолдан тоқылған кілем түрлері қойылды.  16-шы мамандандырылған қолмен тоқылған кілемдер көрмесінде Табриз, Наин, Исфахан, Құм, Язд, Шахруд, Теһран және Горган қалаларының  кілемдері және кілем картиналары ұсынылды.