Иран Президентінің қатысуымен 39-шы Құран халықаралық жарысының жабылу салтанаты өтті
https://itolqyn.com/news/iran-i67882-Иран_Президентінің_қатысуымен_39_шы_Құран_халықаралық_жарысының_жабылу_салтанаты_өтті
39-шы Құран халықаралық жарысының жабылу салтанатында осы жарысқа қатысты деректі фильм көрсетіліп, Аһл-е бейтті мадақтауға арналған топтың үздік әндері айтылып, қазылар алқасының мәлімдемесі оқылды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 23, 2023 19:03 Asia/Almaty
  • Иран Президентінің қатысуымен 39-шы Құран халықаралық жарысының жабылу салтанаты өтті

39-шы Құран халықаралық жарысының жабылу салтанатында осы жарысқа қатысты деректі фильм көрсетіліп, Аһл-е бейтті мадақтауға арналған топтың үздік әндері айтылып, қазылар алқасының мәлімдемесі оқылды.

Иранның Вакф және қайырымдылық ұйымының басшысы Мехди Хамушидың айтуынша, осы жолы жарыс "Бір кітап – бір үмбет" ұранымен өтті. Жарыстың бастапқы кезеңінде 80 елден 150 адам Құранды толық жаттау, мәнерлеп оқу, баяу оқу және зерттеу бойынша қатысты.

Осы жолы әйелдер арасында Құранды баяу оқу жарысы да өтті.

Жарыстың ақтық кезеңінде 33 елден 52 адам Құранды толық жаттау, мәнерлеп оқу, баяу оқу және зерттеу бойынша қатысты.