Ақп 28, 2023 13:38 Asia/Almaty

ИИР Сыртқы істер министрі Женевадағы Адам құқығы кеңесінің отырысында: «Адам құқығы кеңесі өзінің негізгі миссиясынан алшақ, батыстық державалардың саяси құралына айналды»,- деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан: «Ешбір ел немесе топ адам құқықтарын иеленуге немесе қорғауға монополияны талап етпеуі немесе басқа елдерді адам құқықтарын өз түсіндірмесіне бағындыруға мәжбүрлемеу керек. АҚШ-тың біржақты мәжбүрлеу әрекеттеріне ілескен Еуропа елдері мен басқа елдердің Ирандағы адам құқықтары туралы айтуға моральдық ұстанымы мен құзыры жоқ. Ирандықтардың адам құқықтарын қорғау және сонымен бірге бұл адамдарды денсаулық, білім және өмір сүру сияқты негізгі құқықтарынан айыру – шынайы екіжүзділік»,- деп мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрі шәһид Сүлейманидің ДАИШ-ке қарсы күш-жігерінің ұмытылмайтынына тоқталып: «Сардар Сүлейманидің шәһид болуына қатыстылар әділет  органдарына тапсырылмайынша, ИИР ешқандай күш-жігерінен бас тартпайды»,- деп баса айтты.