Нау 06, 2023 17:52 Asia/Almaty

Иран Президенті дүйсенбі күні таңертең Табиғи ресурстар апталығы мен Ағаш егу күні басталуымен бір мезгілде Иранның ұлттық ботаникалық бағына барып, бір түп жаңғақ көшетін екті.

Иран Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабына қарасты Қазақ радиосының хабарлауынша, Ибрахим Раиси өсімдіктердің жаңа 115 түрінің ашылу рәсіміне қатысты. Раисидің көшет егуімен бүкіл елде 1 млрд көшет егу науқаны ресми түрде басталды.

Раиси, сондай-ақ, Карадждағы ұлттық ботаникалық бақтың гендік банкі мен 4 мың өсімдік түрінің 47 мың тұқым үлгісі сақталған жерді аралады.  

Тегтер