Ислам революциясы жетекшісінің испан тілінде сөйлейтін халықтарға жолдауы жарияланды
(last modified Sat, 11 Mar 2023 11:57:43 GMT )
Нау 11, 2023 17:57 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің испан тілінде сөйлейтін халықтарға жолдауы жарияланды

Каракаста Ислам революциясы жетекшісінің естеліктерінің испан тіліндегі нұсқасының басылып шығуымен бір мезгілде аятолла Хаменеидің испан тілінде сөйлейтін халықтарға жолдауы жарияланды.

Ислам революциясы жетекшісінің естеліктерінің «№ 14 камера» кітабының испан тіліндегі нұсқасы Венесуэланың астанасы Каракаста  Иран-Венесуэла достық мәдениеті көрмесінің аясында Венесуэла және испан тілді мәдениет белсенділерінің талпыныстарымен Иран мен Венесуэла мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен өткен салтанатты шарада көрсетілді.

Ислам революциясы жетекшісінің жолдауында былай деп айтылды:

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын

Егер осы кітап арқылы испан тілінде сөйлейтіндермен сөйлесе алсам, мен өте риза боламын. Бұл менің өткен өмірімнің қысқаша бөлігі. Сіз бен біз, барша әділдік іздеген елдер бір-бірімізді тереңірек танып, ынтымақтасатынымыз артса, қандай жақсы. Алладан  бақытты болуларыңызды тілеймін.

«№14 камера» кітабында аятолла Хаменеидің үстемшіл режимге қарсы күрес және Ислам революциясының жеңісіне дейінгі кезіндегі естеліктері мен өмірбаяны баяндалған. Бұл еңбек бұрын араб тілінде жарық көрген «Ән Ма’ ас-Сабар Насра» кітабының испан тіліндегі аудармасы. Оның парсы тіліндегі «Үнсіз қалған жүректің қаны» деп аталған нұсқасы кітап сүйер қауымға қолжетімді болды.