Нау 16, 2023 09:10 Asia/Almaty
  • Канани:   Ислам - бейбітшілік пен достық діні

Исламофобияға қарсы күрес халықаралық күнімен тұспа-тұс Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «Исламофобтар мен антиисламистер илаһи діндердің адами және илаһи құндылықтарының ешқайсысына сенбейді және өздерінің заңсыз мүдделерін адамзат арасында алауыздықты таратуда көреді»,- деді.

БҰҰ 15 наурызды Исламофобияға қарсы күрес халықаралық күні деп жариялады.

Iran Press-тің мәліметінше, ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Канани кеше (сәрсенбі) Исламофобиямен күресу халықаралық күні өз твитінде: «Ислам діні және мейірім пайғамбары Мұхаммад (с.ғ.с.) - адамзат үшін бейбітшіліктің, достық пен тату өмір сүрудің хабаршысы»,- деп жазды.

Жақында Ислам әлемінің, әсіресе ИИР-ның қатаң реакциясына ұшыраған Нидерланды, Дания және Швеция сияқты бірнеше Еуропа елдерінде Құран Кәрімді қорлаудың куәсі болдық.