Нау 16, 2023 09:13 Asia/Almaty
  • Екіжақты қарым-қатынастардың дамуы - Иран мен Шри-Ланка Сыртқы істер министрлерінің телефон арқылы сөйлесуінің негізгі тақырыбы

Иран мен Шри-Ланка Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесіп, екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамыту және кеңейту жолдарын талқылады.

Iran Press-тің мәліметінше, Хұсейн Амир Абдуллахиан  сәрсенбі күні кешке  Шри-Ланка Сыртқы істер министрі Әли Сабримен телефон арқылы  сөйлесіп, Иран мен Шри-Ланка арасындағы достық қарым-қатынастардың тарихына тоқталып, Иран Ислам Республикасының екіжақты ынтымақтастықты нығайту мен дамытудағы ерік-жігерін қуаттады.

Шри-Ланка Сыртқы істер министрі осы телефон сұхбатында екі ел арасындағы жақсы және достық қарым-қатынастарды жоғары бағалап, ИИР-ның Шри-Ланка халқы мен үкіметімен серіктестігі мен ынтымақтастығын жоғары бағалады.