Нау 16, 2023 10:11 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Шетелдегі ирандықтарды қорғау туралы жан-жақты заңды бекіту Сыртқы істер министрлігінің күн тәртібінде

Иран Сыртқы істер министрі және шетелдегі ирандықтардың жоғары кеңесі төрағасының орынбасары «Шетелдегі ирандықтардың Наурыз жиналысына» қатысып, «Шетелдегі ирандықтарды қорғау туралы» жан-жақты заңның қабылдануын Сыртқы істер министрлігінің және шетелдегі ирандықтардың жоғарғы кеңесінің маңызды әрекеттерінің бірі деп атады.

Iran Press-тің мәліметінше, Хұсейн Амир Абдуллахиан сәрсенбі күні шетелдегі ирандықтардың Теһрандағы Наурыз жиынына қатысып, бірнеше ирандықтардың пікірін тыңдап, сөз сөйледі. Иран Сыртқы істер министрі шетелдегі ирандықтардың көбіне мамандандырылған, ғылыми және мәдени ерекшеліктері бар білімді қауым екеніне тоқталып: «Осындай ерекшеліктердің бірі – ұлттық болмысты ұстану»,- деді. Ол «Шетелдегі ирандықтарды қорғау туралы» жан-жақты заңның бекітілуін қарастыруды, «Әскери міндеттілер және әскери қызмет туралы» және қос азаматтыққа қатысты заңдарды талқылауды Сыртқы істер министрлігі мен шетелдегі ирандықтардың жоғарғы кеңесінің басқа да бақылауларының қатарында екенін мәлімдеді.