Нау 18, 2023 18:17 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Дипломатия саласында табыстарға қол жеткізілді

Иран Сыртқы істер министрі Наурыз мейрамын дипломатиялық мерекелеу аясында  дипломатия саласында табыстарға қол жеткізілгенін қуаттады.

1402 жылғы Наурыздың дипломатиялық мерекесі жұма күні Иран Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық орталығында Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдоллахианның және Теһранда тұратын елшілер мен шетелдік өкілдіктердің басшыларының қатысуымен өтті. Амир Абдуллахиан Наурыз дипломатиялық мейрамы аясында: «Біз жаңа жылды дипломатия саласында табыстарға қол жеткізген жағдайда бастап отырмыз»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрі: «Ирандағы шетелдік елшілердің қатысуымен өткен бағдарламаның негізгі мақсаты Иран жерінің ұлттық әдет-ғұрыптары мен мәдениетін барынша таныстыру болды. Осының аясында біз ЮНЕСКО-ға көптеген жұмыстарды тіркедік. Бұл жұмыстар соншалықты керемет және мүмкіндіктер өте үлкен, сондықтан бізде көптеген жылдар бойы жұмыс істеуге және осы мәдениет пен осы жұмыстарды әлемге таныстыруға мүмкіндік бар»,- деді.

 

Тегтер