Сәу 12, 2023 16:39 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран халқы Құдс азат етілгенге дейін ислам үмбетінің мақсаттарына берік болып қалады

ИИР Президенті: "Иран халқы Дүниежүзілік Құдс күні шеруге жаппай қатысу арқылы Құдс толық азат етілгенге дейін ислам үмбетінің мақсаттарына берік болып қалатынын тағы да жариялайды",-деді.

Жұма, 14 сәуір, сәйкесінше Рамазан айының 23 жұлдызы – Дүниежүзілік Құдс күні.

Ибрахим Раиси сәрсенбі күні таңертең Рамазан айының 21 жұлдызында имам Хомейни (р.) кесенесіне жиналған зияратшылар алдында сөйлеген сөзінде имам Хомейнидің (р.) Құдс пен Палестина мәселесін Ислам әлемінің ең маңызды мәселесі деп атап, Палестинаның жапа шеккен халқын қолдау мақсатында Рамазан айының соңғы жұмасын Дүниежүзілік Құдс күні деп атағанын айтып: "Иран халқы Рамазан айының 23 жұлдызы Дүниежүзілік Құдс күні жаппай шеруге шығып, Құдс толық азат етілгенге дейін ислам үмбетінің мақсаттарына берік болып қалатынын тағы да жариялайды",-деді.

Раиси: "Қазір әлемдегі үстемшіл жүйе иранофобия, исламофобия және шиғафобияны арттырып жатқан кезде барша мұсылман, соның ішінде жауапты тұлғалар, тәліптер, ғалымдар, үлемдер, құтпашылар, ұстаздар мен сарапшылар жастармен сөйлесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге міндеттіміз",-деді.

Тегтер