Бүгін Табас шөлінде АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылының жеңіліске ұшыраған күні
https://itolqyn.com/news/iran-i69254-Бүгін_Табас_шөлінде_АҚШ_тың_Иранға_қарсы_әскери_шабуылының_жеңіліске_ұшыраған_күні
Бүгін (сейсенбі), 2023 жылдың 25 сәуірі Иранның шығысындағы Табас шөлінде АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылының жеңіліске ұшырауының жылдығы.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 25, 2023 12:42 Asia/Almaty
  • Бүгін Табас шөлінде АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылының жеңіліске ұшыраған күні

Бүгін (сейсенбі), 2023 жылдың 25 сәуірі Иранның шығысындағы Табас шөлінде АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылының жеңіліске ұшырауының жылдығы.

1980 жылы 25 сәуірде Америка бірнеше тікұшақтар мен ұшақтармен Иранға шабуыл жасады. ИИР сәтсіздікке ұшыратуды көздеген  түрлі айла-амалдарынан еш нәтижеге жете алмаған АҚШ үкіметі 1979 жылы 4 қарашада америкалық шпиондар ұясын басып алу кезінде тұтқынға алынған тыңшыларын босату ниетімен Иранға шабуыл жасады. Табасқа жасалған әскери шабуыл мұқият жоспарлауға, жетілдірілген жабдықтарға және американдықтардың ұқсас жерлерде жасаған көптеген жаттығуларына қарамастан Табас қаласының айналасындағы шөлдерде құмды дауылдың пайда болуына байланысты сәтсіз аяқталды. Бірқатар американдық ұшақтар мен тікұшақтар өртеніп, бірнеше америкалық әскери қызметкер қаза тапты, қалғандары  Ираннан қашып кетті.