Иран Еуропалық Одақ пен Ұлыбританияның кейбір тұлғалары мен мекемелеріне қарсы санкциялар салды
Иран Сыртқы істер министрлігі Ислам Республикасына қарсы соңғы санкцияларға реакция білдіріп, Еуропа Одағы мен Ұлыбританияның кейбір тұлғалары мен мекемелеріне қарсы санкциялар салды.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрлігі дүйсенбі күні Еуропа Одағы мен Англияның кейбір тұлғалары мен мекемелеріне қарсы санкция салу туралы мәлімдеме жасап: «Иран Сыртқы істер министрлігі тиісті органдардың мақұлдауымен және тиісті ережелер мен санкциялар тетіктері аясында қарсы шара ретінде лаңкестік пен лаңкестік топтарға қолдау көрсетіп, лаңкестік пен лаңкестік топтарды қоздыруға шақыруы және Иран халқына қарсы лаңкестік әрекеттер мен зорлық-зомбылықты ынталандыру, ИИР-ның ішкі істеріне араласу, Иранда зорлық-зомбылық пен тәртіпсіздікті насихаттау, Иран туралы өтірік жариялау және жалған ақпарат тарату, сондай-ақ экономикалық лаңкестік деп саналатын Иран халқына қарсы қысымшылық санкцияларды күшейтуге қатысу үшін Еуропалық Одақ пен Біріккен Корольдіктегі жеке тұлғалар мен мекемелерге санкуия салады»,- деп жариялады.