БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Иранның Сыртқы істер министрімен кездесті
https://itolqyn.com/news/iran-i69266-БҰҰ_Бас_хатшысының_орынбасары_Иранның_Сыртқы_істер_министрімен_кездесті
БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Иранның Сыртқы істер министрімен кездесіп, әртүрлі аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 25, 2023 14:12 Asia/Almaty

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Иранның Сыртқы істер министрімен кездесіп, әртүрлі аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының гуманитарлық істер жөніндегі орынбасары Мартин Гриффитс Иранның Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахианмен кездесіп, аймақтық және халықаралық маңызды мәселелерді талқылады. Гриффитс бұған дейін БҰҰ Адам құқықтары кеңесінің отырысы аясында Амир Абдуллахианмен кездесіп, сөйлескен болатын.

Амир Абдуллахиан бұл кездесуде Иранның Ауғанстаннан қоныс аударған бірнеше миллион адам мен иммигранттарды қабылдауына тоқталып: «Олардың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен тұрақты инфрақұрылым құру қажет»,- деді.

Мартин Гриффитс де Иран Сыртқы істер министрімен кездесуі мен сұхбатына және ирандық тараптармен үздіксіз байланыстар мен диалогтарға ризалығын білдіріп, босқындар мәселесін Сирияға қатысты маңызды гуманитарлық мәселелердің бірі деп атады.