Раиси Ирак Президентін ресми қабылдады
Сәу 29, 2023 13:01 Asia/Almaty
Иран Президент Саадабад тарихи-мәдени кешенінде ирактық әріптесін ресми түрде қарсы алды.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін сенбі күні таңертең Ибрахим Раиси Саадабад тарихи-мәдени кешенінде Ирак Президенті Абдул Латиф Рашидті ресми түрде қарсы алды. Бұл рәсімде екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін президенттер салтанатты рәсімді көріп, соңынан еріп жүрген жоғары лауазымды тұлғаларды бір-бірімен таныстырды. Иран мен Ирак президенттері бір-бірімен кездесіп, оңаша сөйлесіп, жоғары дәрежелі делегациялардың ортақ отырысын өткізгеннен кейін баспасөз мәслихатында кеңесу нәтижелерін мәлімдейді.