Ирандық қыз математика әлемінде жарқырады
https://itolqyn.com/news/iran-i69360-Ирандық_қыз_математика_әлемінде_жарқырады
Тина Түркаман есімді ирандық қыз Америкадағы Гарвард университетінде математика бойынша докторлық дәрежесін алды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 30, 2023 10:00 Asia/Almaty
  • Ирандық қыз математика әлемінде жарқырады

Тина Түркаман есімді ирандық қыз Америкадағы Гарвард университетінде математика бойынша докторлық дәрежесін алды.

Иран Пресс ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, 54-ші Дүниежүзілік математикалық олимпиадада 2013 жылы әлемнің екінші үздік қызы атанған Тина Түркаман осы аптада Филдс медалінің иегері Кертис МакМулленнің жетекшілігімен диссертациясын сәтті қорғады.

Бұған дейін 4 ирандық Фаршид Джамшидиан (1980), Пируз Вакили (1988), Мариям Мирзахани (2004) және Алиакбар Даеми (2014) Гарвардтың таза математика бөлімінен докторлық дәрежесін алған болатын.

Филдс медалі – Дүниежүзілік математикалық одақ конгресінде канадалық математик «Джон Чарльз Филдстің» бастамасымен математикада құнды еңбек сіңірген жас математиктерге төрт жыл сайын берілетін марапат.