«Жібек жолы» теміржол желісі ашылды
Қытайдан сынақ ретінде жіберілген алғашқы жүк тасымалдаушы пойызы Иранның солтүстік-шығысындағы Сарахс шекара бекетіне келді.
ИИР-ның Теміржол компаниясының қоғамдық қатынастар бөлімінің хабарлауы бойынша, Иран Теміржол компаниясы басшысының орынбасары Хосейн Ашури сенбі күні Қытайдан сынақ ретінде жіберілген алғашқы жүк тасымалдаушы пойызының Сарахсқа кіргеніне және Қытай-Қазақстан-Түркіменстан мен Иран арасында «Жібек жолы» деп аталатын теміржол желісінің ашылғанына тоқталып: «Коммерциялық тауарларды тиеген 32 контейнерді тіркеген пойыз 10 күн бұрын Қытайдан шығып, Қазақстан мен Түркіменстанды басып өткеннен кейін Иранның Сарахс теміржол бекетіне жетті. Ертең, дүйсенбі 15 ақпан күні бұл пойыз Теһранға келіп жетеді. Теһран теміржол вокзалында теміржолдың жауапты тұлғалары және Қытай, Қазақстан мен Түркіменстан елшілерінің қатысуымен бұл пойыздың тұсаукесер рәсімі өтеді»,-деп хабарлады.