Раиси: Сионистер өз қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды
ИИР Президенті: «Өткенмен салыстырғанда жағдай өзгерді және сионистік режим басып алынған аймақтарда өз қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды»,- деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси «Әл-Маядин» ливандық желіге берген сұхбатында сионистік режимнің ішкі мәселелеріне тоқталып: «Бүгінде Шарм-эль-Шейх, Осло және Кэмп-Дэвид сияқты келісімдер бұл режимге ешқандай қауіпсіздік әкеле алмайды. Бүгінде шешім саяси келіссөздер үстелінде емес, палестиналық моджахедтердің қолында»,- деп айтты. Ол Иранның әскери және қорғаныс қабілетіне қатысты: «Әскери және қорғаныс қабілеті тұрғысынан біз өзімізді-өзіміз қамтамасыз ету деңгейіне жетіп қана қоймай, қорғаныс өнеркәсібінде жетекші елдердің біріне айналдық»,- деп мәлімдеді. Раиси мәлімдемесінің тағы бір бөлігінде Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына қосылуын атап өтіп: «Бұл әрекет Иранға азиялық инфрақұрылымдармен ынтымақтасу мүмкіндігін берді және біз де БРИКС тобына қосылуға дайынбыз»,- деді. Ол Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы келіссөздерге қатысты былай деп қосты: «Иран мен Сауд Арабиясы аймақтағы ықпалды екі ел және олардың арасындағы қарым-қатынастар көптеген пайда әкеледі». Раиси Сирияның әлем елдерімен, әсіресе аймақ елдерімен қарым-қатынастарының қайта жандануын құптай отырып, Теһран-Дамаск қарым-қатынастарының стратегиялық және маңызды және жалғаса беретінін қуаттады.