ЭЫҰ-ға мүше елдер Мәдениет министрлері Иранда бас қосады
https://itolqyn.com/news/iran-i69428-ЭЫҰ_ға_мүше_елдер_Мәдениет_министрлері_Иранда_бас_қосады
Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше елдердің Мәдениет министрлерінің отырысы 13 маусымда Иранда өтеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 03, 2023 12:27 Asia/Almaty
  • ЭЫҰ-ға мүше елдер Мәдениет министрлері  Иранда бас қосады

Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше елдердің Мәдениет министрлерінің отырысы 13 маусымда Иранда өтеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Ислам мәдениеті және байланыс ұйымының халықаралық мәдени ынтымақтастық директорының орынбасары Хұсейн Рузбе Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің мәдениет министрлерінің отырысы 13 маусымда Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Мұхаммад Мәһди Исмаилидің төрағалығымен Теһранда өтетінін айтты.

8 миллион шаршы шақырым және жарты миллиард халқы бар ЭЫҰ аймақ халықаралық транзиттегі ең маңызды және ықпалды аймақтардың бірі болып табылады.