Қарсыласу топтары жауап әрекеті ретінде Ашкелон зымырандарын жаудырды
Палестиналық қарсыласу топтары Израильдің Газа секторына жасаған әуе шабуылдарының екінші толқынынан кейін сәрсенбі күні таңертең басып алынған аймақтардың оңтүстігіндегі Ашкелон қаласына зымыранмен атқылап, 12 израильдік қоныстанушыны жаралады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, басып алынған аймақтардан оңтүстікке қарай 20 шақырым жерде және Газаға іргелес орналасқан бұл қала сейсенбіден бері алғаш рет нысанаға алынды. Ашкелонға жасалған осы зымырандық шабуылдар нәтижесінде бір өнеркәсіп орталығы да зардап шекті. Алумим - қарсыласу тобының зымырандық шабуылына ұшыраған тағы бір аймақ. Бұл зымыран жаудыру Израильдің Газа секторына жасаған әуе шабуылдарының екінші толқынынан кейін жасалды. Сионистік тікұшақтар Газаның батысындағы қарсыласу базасына 4 зымыранды атқылады. Сионистік режимнің барлау ұшағы да Газа секторының солтүстігіндегі Бейт-Лахиядағы қарсыласу күштеріне тиесілі орталықтарға шабуыл жасады.
Бұл зымырандық шабуылдар сионистік режимнің түрмесінде шейх Хызыр Аднан шәһид болғаннан кейін сейсенбі күні Седирот, Нир Аам, Ирез, Ибим, және Шаар Хенигиев сионистік елді нысанаға алынды. Палестиналық тұтқын шейх Хызыр Аднан сионистік режим түрмелерінде 86 күн бойы аштық жариялап, 2 мамыр күні таңертең ерте қайтыс болды.