ИИР мен Сирияның ортақ мәлімдемесінде лаңкестік топтардың жойылуына баса назар аударылды
https://itolqyn.com/news/iran-i69486-ИИР_мен_Сирияның_ортақ_мәлімдемесінде_лаңкестік_топтардың_жойылуына_баса_назар_аударылды
ИИР Президентінің Сирияға ресми сапарының соңында екі ел ортақ мәлімдеме жасап, лаңкестерді түпкілікті жою үшін ынтымақтастықтың жалғасатынын мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 06, 2023 08:25 Asia/Almaty
  • ИИР мен Сирияның ортақ мәлімдемесінде лаңкестік топтардың жойылуына баса назар аударылды

ИИР Президентінің Сирияға ресми сапарының соңында екі ел ортақ мәлімдеме жасап, лаңкестерді түпкілікті жою үшін ынтымақтастықтың жалғасатынын мәлімдеді.

Ибрахим Раисидің Сирияға екі күндік ресми сапарының соңында ИИР мен Сирия саяси, экономикалық, консулдық ынтымақтастықты және ынтымақтастықтың басқа да салаларын жалғастыру, сондай-ақ екі ел арасындағы жоғары дәрежелі делегациялар алмасуды жалғастыру арқылы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Бұл мәлімдемеде былай деп айтылды: «Иран мен Сирия Біріккен Жоғары комиссия сияқты қолданыстағы тетіктер арқылы екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту үшін кез келген әрекетке дайын және әзір екендіктерін мәлімдеді. Иран мен Сирия лаңкестік пен экстремизмге қарсы күрес саласындағы бірлескен ынтымақтастыққа ризалығын білдіріп, барлық лаңкестік топтарды түпкілікті жою үшін ортақ ынтымақтастықты жалғастыруды қуаттады». Бұл ортақ мәлімдемеде сионистік режимнің Сириядағы басқыншылығы, басқыншы режимнің Сирияның Голан аймағын басып алуын жалғастыруы, сондай-ақ осы басқыншы режимнің әрекеттері, соның ішінде Голан аймағын аннексиялау шешімі қатаң түрде айыпталды.