Сардар Қаани: Қарсыласу майданы аймақта кең оське айналды
https://itolqyn.com/news/iran-i69650-Сардар_Қаани_Қарсыласу_майданы_аймақта_кең_оське_айналды
Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы: «Бүгінгі таңда қарсыласу майданы аймақта көшеттен кең оське айналды»,- деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 13, 2023 13:34 Asia/Almaty
  • Сардар Қаани: Қарсыласу майданы аймақта кең оське айналды

Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы: «Бүгінгі таңда қарсыласу майданы аймақта көшеттен кең оське айналды»,- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сардар Исмаил Қаани  жұма күні кешке 14-ші Жиһад және Қарсыласу әдебиеті конференциясында және Хорасан Разави облысының  Мешхед қаласындағы қасиетті кесене қорғаған шәһидтер жанұяларының жиналысында Фатемиюн шәһидтерінің  әрі иммигрант, әрі моджахид екенін айта келе: «Ауғанстанның езілген халқы әрқашан Исламның қорғаушысы болды»,- деп баса айтты.

Сардар Қаани қарсылық тек революция достарының ғана емес, сонымен бірге дұшпандардың да мойындауынша  табыстың сыры екеніне тоқталып: «Қарсыласу сөзі қасиетті мекенді қорғаған шәһидтердің қатысуымен жаңа мағынаға ие болды. Имам Хомейнидің Ислам әлемінде жалпыұлттық жұмылдыруды жүзеге асыру арманы осы ағымдардың, сондай-ақ Ливан, Йемен және Сириядағы қарсыласу майданының қалыптасуымен шындыққа айналды»,- деп мәлімдеді.