Иран үшін жаттығу өткізуге ешқандай шектеу жоқ
(last modified Sat, 07 May 2016 15:57:24 GMT )
Maм 07, 2016 21:57 Asia/Almaty
  • Иран үшін жаттығу өткізуге ешқандай шектеу жоқ

Иранның Қорғаныс министрі Иран Ислам республикасы үшін өз ықпалындағы аймақтарда жаттығу өткізу үшін еш шектеудің жоқ екендігін мәлімдеді.

Иранның Қорғаныс министрі бригада генералы сардар Хосейн Деһқан ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің Иран ислам республикасының Парсы Шығанағы сулары мен Оман теңізінің бір бөлігіне әкімшілік құқығы негізіндегі сөздеріне тоқталып: «Иран ешбір негіз бойынша халықаралық нормаларда көрсетілгеннен асып, жағалау, аймақтық және әлемдегі ашық теңіздердің құқығына таласпайды.

Иран өз жерін қорғау негізінде де әуе, ғарыш, құрлық және теңізде ешкімге қол сұғушылыққа жол бермейді. АҚШ және Сауд Арабиясы аймақта бейберекеттік тудырумен аймақтан тыс күштердің құзырына жағдай жасауға тырысуда. Мыңдаған шақырым қашықтықтан аймақта қауіпсіздік орнатамыз деген уәж айтатын елдер олардың өздерінің аймақта болуы бейберекеттіктің факторы екенін білсін» деді.

Тегтер