Раиси: Некбат күні адамзат тарихындағы ең азапты трагедиялардың бірін еске түсіреді
https://itolqyn.com/news/iran-i69736-Раиси_Некбат_күні_адамзат_тарихындағы_ең_азапты_трагедиялардың_бірін_еске_түсіреді
ИИР Президенті Некбат күніне орай жолдауында: «Некбат күні адамзат тарихындағы ең азапты трагедиялардың бірін еске түсіреді»,- деп қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 17, 2023 12:58 Asia/Almaty
  • Раиси: Некбат күні адамзат тарихындағы ең азапты трагедиялардың бірін еске түсіреді

ИИР Президенті Некбат күніне орай жолдауында: «Некбат күні адамзат тарихындағы ең азапты трагедиялардың бірін еске түсіреді»,- деп қуаттады.

Осыдан 75 жыл бұрын 1948 жылы 15 мамырда сионистік қылмыстық топтар мен ұйымдар Палестина халқына қарсы аяусыз қылмыс жасап, оның жерін басып алды, бұл қылмыс Некбат күні деп аталды.

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси Некбат күніне орай жолдауында былай деді: «Сионистік режим «Некбат күні» деп әділ аталып кеткен күннен бастап миллиондаған палестиналықтардың жер аударылуына, палестиналық белсенділер мен қарапайым халықтың мақсатты түрде өлтірілуіне, олардың үйлері, шаруашылықтары мен кәсіпорындарының қиратылуына және халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының бұзылуына себеп болды. ИИР сионистік апартеид режимінің Палестина халқы мен аймақ халықтарына қарсы қылмыстарын қатаң айыптай отырып, сионистік режимнің қылмыстарын тоқтату және қолдау үшін жауапты халықаралық институттардың қозғалысын тежеу қажеттігін қуаттап, басып алынған жерлерді азат ету және астанасы қасиетті Құдс болатын бүкіл тарихи Палестина жерінде өзінің тәуелсіз және біртұтас үкіметін құру жолындағы Палестина халқының ісі мен заңды қарсылығын қолдауға баса назар аударады».