Иран халқының саны 85 миллионнан асты
https://itolqyn.com/news/iran-i69740-Иран_халқының_саны_85_миллионнан_асты
Иран статистикалық орталығының халық, жұмыс күші және үй шаруашылығы басқармасының бас директоры: «Иран халқының саны 85 миллионнан асты, бұл елдің халық динамикасының белгісі»,- деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 17, 2023 12:59 Asia/Almaty
  • Иран халқының саны  85 миллионнан асты

Иран статистикалық орталығының халық, жұмыс күші және үй шаруашылығы басқармасының бас директоры: «Иран халқының саны 85 миллионнан асты, бұл елдің халық динамикасының белгісі»,- деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Алиакбар Махзун: «Иран халқының шамамен 24 пайызы 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер, ел халқының 25 пайызы 15 пен 29 жас аралығындағы жастар және 44 пайызы орта жастағылар, қалғандары 65 жастан асқан қарт адамдар. Бұл Иранның басым демографиялық құрылымы орта жастағы құрылым екенін көрсетеді. Қазір Иранда өмір сүру ұзақтығы 74 жасқа жетіп, сауаттылық деңгейі 87,6 пайызға жетіп, халықтың сапалы өсуіне ықпал етуде. Иранда некеге тұрудың орташа жасы ерлер үшін 24 жас, әйелдер үшін 23 жас»,- деп мәлімдеді.