Maм 23, 2023 13:39 Asia/Almaty

Индонезия Президенті Джоко Видодо бүгін, сейсенбі күні Мердека сарайында жоғары деңгейдегі экономикалық және саяси делегацияның басшылығымен Индонезияға сапармен келген ИИР Президенті Ибрахим Раисиді ресми түрде қарсы алды.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ресми қарсы алу рәсімінде Иран мен Индонезия президенттері естелік суретке түскеннен кейін бейбітшілік пен достықтың белгісі ретінде Индонезия президенттік сарайының алаңына көшет отырғызды. Иран Ислам Республикасы Президентін қарсы алу рәсімінен кейін бірден Иран мен Индонезия президенттерінің оңаша сұхбаты өтіп, жоғары мәртебелі делегациялардың екіжақты келіссөздері де өтті.

Тегтер