Сақшылар корпусы әуе-ғарыш күштерінің гиперсоникалық зымыраны көрсетілді
https://itolqyn.com/news/iran-i70198-Сақшылар_корпусы_әуе_ғарыш_күштерінің_гиперсоникалық_зымыраны_көрсетілді
Бүгін (сейсенбі) Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің гиперсоникалық зымыранының тұсауы кесілді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Маусым 06, 2023 13:08 Asia/Almaty

Бүгін (сейсенбі) Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің гиперсоникалық зымыранының тұсауы кесілді.

Iran Press-тің   хабарлауынша, бүгін, сейсенбі  таңертең ИИР Президенті Ибрахим Раиси, Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы  Хұсейн Салами және Әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы  Амир Али Хаджизаденің қатысуымен Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің «Фаттах» атты  гиперсоникалық  зымыранының тұсауы кесілді.

Гиперсоникалық зымырандар бүгінде Америка, Ресей және Қытай сияқты елдер өндіріп, қолданатын ең жаңа қарулар мен жабдықтардың бірі болып табылады. Гиперсоникалық зымырандардың ұшу жылдамдығы дыбыс жылдамдығынан 5-тен 25 есеге дейін, яғни 1,6-дан 8 км/с-қа дейін. Басқаша айтқанда, гипердыбыстық зымырандардың минималды жылдамдығы сағатына 3500 миль (сағ. 5633 шақырым), бұл секундына шамамен бір миль (сағатына 1600 шақырым) деп айтуға болады. Гиперсоникалық жылдамдық (5-тен 25-ке дейін дыбыс жылдамдығы), радиотолқындарды блоктау, жоғары маневрлік және бағытты өзгерту, радиолокациядан жалтару және жолды болжау гиперсоникалық ракеталардың негізгі сипаттамалары болып табылады.