Иран Парсы Шығанағы аймағында қауіпсіздік орнатуға талпыныс жасайды
Иран ислам революциясының Сақшылар корпусы теңіз күшінің қолбасшысы ислам республикасының Парсы Шығанағы аймағында энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында талпыныс жасауы керектігін қуаттады.
Ислам революциясының Сақшылар корпусы теңіз күшінің қолбасшысы Әли Фадави Иранда тұратын бір топ шетелдік әскери атташелерді қабылдауында: «Иран ешқашан Парсы Шығанағында бар мүмкіндіктерді өз мүддесін жүзеге асыру батығында пайдаланбай, әрдайым энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында талпыныс жасады» деді.
Әли Фадави сондай-ақ, америкалықтар уәж айтып отырғанына қайшы бұрынғы әлеуетіне ие емес. Әлем халықтары ислам революциясы сияқты Американың зорлық- зомбылығы мен мемлекеттердің мүддесіне қайшы келетін әрекеттерге нық сеніммен қарсы тұра алады» деді.
Әли Фадави сөзінің жалғасында аймақтағы елдердің бір отбасының мүшесі екенін қуаттай келе, Иранда тұратын шетелдік әскери атташелерге қаратып: «Иран бүкіл әлемде қауіпсіздіктің орнауына және қарулы күштердің өз елі мен әлем халқының арасында қауіпсіздік орнату бағытында талпыныс жасауына үміт артады» деді.